зын, түн қысқа, күннің ыстығы сонша күшті, тастар, құмдар қызып кетеді. Шілдеде піспеген шөп қалмайды. Мінілмеген, жұмысқа салынбаған мал семіріп, желідегі құлындар ғана жүдеген. Қымыз мол, қозы піскен. Ел жайлауда бірін-бірі қонақ қылып, қазақ салты өз алдына бір қызық. Қыз ұзатса, ұл туса, той болып, жұрт жиналып, ат шауып, күрес болады. Осы кезде қазақ бұрынғыдай алысқа көшпейді. Бұрын жердің еркін шағында жүз елу, екі жүз шақырым жерлерді жайлап кетеді екен. Үлкендер сол күндерін осы күні қатты сағынып, сөз қылысады. Шөп шабатын мезгіл де жетті. Бозбалалар жайлаудың қызығын қия алмай, ерініп әрең шығады. Қазақ шөпті бел орақпен шабады. Машина жаңа тарап келеді. Ондағы балалар да жаздай қымыз ішіп тынығып, енді сабаққа баратын күндерін санап жүр.
"Менің сүйікті спортым"
Менің сүйікті сабағым дене шынықтыру. Залда біз спортпен шұғылданып, денемізді шынықтырамыз, күшімізді нығайтамыз.
Мектеп спорт залында қалааралық, мектепішілік волейбол, баскетбол ойындары өтеді.
Денешынықтыру сабақтарында волейбол ойынын үйрендім. Бұл ойын түрі маған қатты ұнағандықтан, қосымша сағаттарына қатысатын болдым. Жаттығулар кезінде мұғалім бізді ұйымшылдыққа, бір топ, ұжым болып ойнауға тәрбиелейді.
Біздің үлкен қуанышпен қатысатын үйірмелердің бірі - би өнері. Би дене бітімін жақсы дамытады, түзу, әдемі жүру дағдыларын қалыптастырады.
Ең үздік билерді мектеп қалаға, мерекелік концерттерге шығарады
Мамандық таңдау
Мамандық таңдау - әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. "Армансыз адам, қанатсыз құспен тең", - дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді адам өз жүрегінің қалауымен, өз қабілетіне қарай таңдап алады. Мамандықтың түрі
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>