Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

көп. Халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу. Сөзбен өрнек салатын жазушы болу. Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды. Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ғалымдардың өмірімен танысады. Сондықтан да бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол бала шақтан басталады.

Менің әріптесім

Рашид - менің әріптесім, әрі досым. Біз магистратурада бірге оқыдық. Достығымыз сол кезде басталды. Рашид магистратурадан соң Түркияда бірнеше жыл жұмыс істеді. Ғылыми жұмысын сонда жүріп қорғады. Өткен жылдың басында арнайы шақырумен біздің фирмаға орналасты. Рашидтің фирмадағы орны бөлек. Ол экономист болуымен қатар, шетелдік ұйымдармен түрік, ағылшын тілінде жұмыс жүргізуді де қоса атқарады. Рашид - өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп отыратын қарапайым да білімді азамат.
Ән құдіреті

Әміре сахна ортасында әуелі халыққа ізет көрсетіп, бас иді. Басында оюлы тақия, үстінде жеңіл шапан, қолында домбыра. Ол шеті түпсіз көрінген кең залға қарады да, "Қанапия" әнін айтты.
Жастық шағы киіз үй мен кең далада өткен Әміреге бұл зал үлкен болып көрінсе де, ол айтуға келгенде, тар сезілді. Сондықтан оның таудан тау асып, жаңғыртатын сұлу да ашық дауысы Еуропа тыңдаушыларын қатты таңдандырды. "Қанапия" әнінің аяғын созып барып, домбыраны желпіндіре бітіргенде, тілдің керектігі болмады. Ән аса күшті дауыспен шарықтап барып аяқталғанда, сүйсініп отырғандар қайран қалысты. Ән тым тез біткендей. Ұйып тыңдаған халық әнші орнынан тұрып, бас игенде ғана ду қол шапалақтады. Залдан "бис. . . бис. . . " деген дауыстар жамырай естіліп жатты.

Асханада

Б

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: