ді 2-ге бөліп, 8 бөлікті балаларға таратып береді. Түстерін сәйкестендіру, бөліктерін қиюластыру арқылы ою-өрнек құрастырылады. 
2 вариант. Ою бөліктерінің келесі бетіне сан жазылады. 
Өрнекті құрастыру санға сәйкес орындалады. 
"Поезд құрастыр" 
Мақсаты: 1-ді қосу таблицасын қайталату. 
Көрнекілік: 1-ді қосу таблицасы берілген карточкалар, 01, 11, 21, т. с. с. 
Барысы: Тәрбиеші карточкаларды балаларға таратып береді, оларды вагондар, ал бір баланы тепловоз деп тағайындайды. Балалар қолдарындағы карточкаларына қарай отырып, алдымен "тепловозға" ретімен тіркелуі тиіс. 
"Заттарды сана" 
Мақсаты: 1. Балалардың назарын дамыту, байқағыштықтарын арттыру. 2. Көкеністер санымен сандарды тауып қою. 3. Ойын арқылы көкеністер түрлері туралы білімдерін бекіту. 
Көрнекілік: Көкеністер суреттері, сіріңке қорабындағы сандар. 
Барысы: Тәрбиеші балаларға көкеністердің суреттерін таратып береді. Бір суретте бірнеше көкеністер түрлері болуға тиіс. Балаларға қойылатын талап көкеністер санын анықтау. 
"Дыбыс арқылы санды тап" 
Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау. 
Көрнекілік: Сіріңке қорабындағы таратпа сандар. 
Барысы: Тәрбиеші қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Балалар тыңдап отырып алдарындағы цифрларынан тиісті санды көрсетеді. 
"Тез ойла" 
Мақсаты: 1. Балалардың заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ сияқты түсініктерін дамыту. 2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу. 
Көрнекілік: Топтағы заттармен. 
Барысы: Тәрбиеші балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. 
"Қанша? Қанда
		Страницы: << < 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>
