Дидактикалық ойындар

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

н допты жіптің астынан алып өтеді де, "доп жоғарыда" деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады.
2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында "доп оң жақта" деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. "Тоқта" деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. "Доп сол жақта" деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі.
Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады.

"Ойыншықты тап"
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Көрнекілік: Топтағы ойыншық.
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады.
"Жоғарыда - төменде, биік-аласа"
Мақсаты: жоғары- өмен, биік-аласа ұғымдарын пысықтау.
Көрнекілік: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған.
Барысы: Тақтаға бір бала шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек.


"Карточкаға қандай сан жазылған?"
Көрнекілік: Суретті карточкалар.
Барысы:
1 вариант: Тәрбиеші карточканың бетіндегі 2 түсті дөңгелекті төмен қаратып қолына ұстап тұрады да, балаларға былай дейді: "Карточкада екі сан" бейнеленген. Егер оларды қоссақ 5 болады. Карточкада қай сандар б

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: