Қуыршақ, шарлар.
Барысы: Қуыршақтың сыйлық шарлары таратылып беріледі. Балалар ол шарларды үрлеп, қандай түсін және қанша екенін айтады. Үрленетін шарлардың түстері үш түрден аспауы керек. Шардың санымен артық, қандай түсті шардың кем екенін балаларға айтқызу.
"Жәндікте неше аяқ бар?"
Мақсаты: 1. Балалардың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру. 2. Жәндіктер туралы түсініктерін жаңарту. 3. Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: Ойыншық жәндіктер
Барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттер таратып береді. Бұл суреттерде әртүрлі жәндіктер суреттеледі. Балалардың міндеті осы суреттегі жәндіктердің қанша аяғы бар екенін анықтау. Ол үшін суреттердегі жәндіктердің аяқтарын санап сол суреттің астына кеспе цифрлар арқылы белгілеп отырады да соңынан ең аяғы көп жәндіктің суретін салу ұсынылады.
"Нешінші?"
Мақсаты: "Нешінші?" ұғымын қалыптастыру.
Көрнекілік: Топтағы 10 түрлі ойыншықтар.
Барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан нешінші затты алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек. Ойын барысында "нешінші?" деген ұғымды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын дамыту, қызығушылығын арттыру.
"Қай қолымда көп?"
Мақсаты: Заттардың екі жиынтығын салыстыра білуге үйрету.
Көрнекілік: Асықтар, топтағы ұсақ заттар.
Барысы: Балалар екі топқа бөлінеді, оның әрқайсысы алма-кезек тәрбиешінің үстеліне өз өкілін жібереді. Бір бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешінің одан соң балалардың бірі оның қолына текше, түйме әртүрлі ұсақ нәрселерді ұстатады. Бірақ ол бір қолда көп, екіншіс
Страницы: << < 13 | 14 | 15 | 16 | 17 > >>