Дидактикалық ойындар

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>

ейнеленген? "Балалар түрліше жауап береді". Балалардың біреуі карточкада жазылған сандарды атаған кезде тәрбиеші карточканы топқа көрсетеді.
2 вариант: "Егер тоғыздан біреуін кемітсендер, сендер менің қолымдағы санды табасындар". Балалар бұл санды атайды. Жауабын бірнеше баладан сұрау керек. Тәрбиеші сандық карточканы балаларға алдын ала көрсетеді.
Бірінші болып дұрыс жауап берген бала ұтып шығады.


"Автобус"
Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.
Көрнекілік: Сандық карточкалар.
Барысы: Алаңға бормен тікбұрыш /автобус/ сызылған. Екі бала бақылаушылар болып, бетіне "5"цифры жазылған үлкен карточканы ұстап тұрады. "Автобусқа" сандық карточкаларында бейнеленген дөңгелектердің қосындысы
5 болатын /жол ақысы/ балалар ғана жұптасып отырады. Ойын басталды дегеннен кейін әрбір бала өз сыңарын іздеп табуға тырысады /2 және 3, 3 және 25, 1 және 4, 4 және 1/. Жұптар бірінен соң бірі сапқа тұрады, "автобусқа" кіреді, өздерінің сандық карточкаларын көрсетеді, ал "бақылаушылар" жұптардың дұрыс таңдалуын тексереді.

"Сан құрастыр"
Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.
Көрнекілік: Суретті карточкалар.
Барысы: Тәрбиеші бетіне бір сан, мысылы "6" саны жазылған карточканы көрсетеді. Әрбір бала қосындысы "6" санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс.
Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде - 1 дөңгелек, біреуінде - 3, екіншісінде-3 шаршы және с. с.
"Ою құрастыру"
Көрнекілік: Бірнеше бөліктерге бөлінген ою элеметтері.
Мақсаты: Балаларды сандардың ретін, құрамын оңай табуға, таңбаны айыра білуге дағдыландыру.
Барысы:
1-вариант. Оюдың элементтерін жекелеп қиып, мысалы 4 қошқар мүйіз

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: