Әдептілік пен әсемдіктің қыр-сыры

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

нде, шаңырақтың мәдени-тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларында, өскен ортаның тәлім-тәрбиелік деңгейінде мінез-құлықтың негізі қаланады. Одан соңғы кезде адамдармен қарым-қатынастың, қоғамдық ортаның, еңбек жүйесінің, тіршілік талқысының, ізденіс пен талпыныстың, сәттілік пен ұтылыстың, тағы түрлі факторлардың әсерімен тұрақты мінез қалыптасады, сол қалыпта адам ғұмырбақи өмір сүреді. Кейде, әсіресе, жастық шақта үлгі тұтқан абзал азаматтарға еліктеушіліктен немесе тағдыр тәлкегінен тектілік мінезде жасандылық пайда болады. Бірақ табиғи бітімге терең сіңбейді. Жасандылықты туғызған жымысқы әрекеттер өзгерсе, ықпалын жойса жалған перде сыпырылып, мінез әу бастағы қалпына түседі.
Мінез көп тінді және көріністі. Біздің байқауымызша, жалпы сипаттылығы бір жүз онға тарта. Адамды әр қырынан танытатын осы көріністер шартты түрде екі бағытты: ақылмен астарлас келісті және қым-қиғаш қылықты теріскейлі. Көңіл шалқытар жадыралық, шабыт шақырар жарқындық, парасаттылықты демеу, игілікті қолдау, қабілеттілікті жебеу, ақиқатты қорғау, ісмерлікті ұштау, адами ажарды ашу, асаулықты басу мінездің келісті бағыттылығы. Теріскейлігі тұрлаусыз ауытқымалы, ала көңілді, шиелі, кінәмшіл, ойнақы, қырсыз, айтақшыл, қыңыр, тағы басқа жағымсыз қылықтылық.
Болмыста қанша мінезділік болса, адамдар да сонша мінезділікті. Бір кісіде кешенді мінез байқалмайды, екінші біреумен толық мінездестік те ұшыраспайды. Әркім өзіне тән табиғи қалыптасқан мінезімен ерекшеленіп, кісілігі танылады. Бір мағыналы мінезі жоқ және мінезсіз сөздері жиі қолданылады. Сөзді жүйелей және ойната білетін қазақ оларға екі түрлі мән беріп, ынжық, ез, ырықсыз кісіні мінезі жоқ деп кемітеді. Ашушаң, ызақор, ұрысқақ пендені мінезсіз деп жақтырмайды. Мінезділікті келістілікке балайды.
Мінездің әртүрлі мәнділігі жағымды-

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: