Деньги, финансы и кредит

Страницы: <<  <  53 | 54 | 55 | 56 | 57  >  >>

алықаралық несиенің дамуы мына факторларға байланысты болады:
1. Еңбектің халықаралық бөлінісі;
2. Өндірістің жетілуі;
3. Елді табиғи ресурстармен және жұмыс күшімен қамтамасыз ету;
4. Дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудың қажеттілігі;
5. Дамушы елдердің дамыған елдермен сауда экономикалық ынтымақтастығы;
6. жеке елдің экономикалық дамуы;
Халықаралық несиеге берілген мемлекеттің несие ресурстары мынадай қаражаттардан тұрады:
1. қорланым қорларына жататын мемлекеттік бюджеттің қаражаты;
2. ұжымдық несие қорларынан;
3. мемлекеттік кіспорындар мен ұйымдардың қаражатынан тұрады.
Мемлекеттік борыш алынған және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздар саласы. Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту, оларды пайдалану. Мемлекеттік борышты мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен өтейді. Орналастыру нарығына және қарыз валютасына қарай мемлекеттік борыш күрделі және ағымдағы болып бөлінеді.
Күрделі мемлекеттік борыш - мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттерінің пайыз қоса алғандағы бүкіл саласын айтады.
Ағымдағы борыш - мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттері бойынша несие берушіге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттерді өтеу
жөніндегі шығыстар.
ҚР-да мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей үкіметтің, ұлттық банктің және үкіметтің кепілдігі ретінде алынған кәсіпкердің борышы болып бөлінеді.

СӨЖ тапсырмалары:

1 тапсырма. Студент берілген баяндама тақырыптары бойынша презентация қорғауы тиіс. Презентацияны дұрыс ашып түсіндірілуіне және қызығушылық туғызғанына, әдебиет әсiресе қосымша әдебиет қаншалықты қолданылғанына байланысты бағаланады.
1. Несие және оның ма

Страницы: <<  <  53 | 54 | 55 | 56 | 57  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: