нымен бірге үкіметтердің және халықтың қаржы несие институтының ресурстарын уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы мәселелерін шешу үшін мемлекет несие әдісі қолданылады.
Мемлекеттік кредит мынадай жағдайларда қаржы қатынастарын қалыптастырады:
1. Мемлекеттік несие жолымен жұмылдандырылған қаражаттар әртүрлі қажеттіліктерді, соның ішінде өндірістік, өндірістік емес қажеттіліктерді, сондай-ақ стратегиялық оперативтік қажеттіліктерді қаражаттандыруға бағытталған мемлекеттік қаржы ресурсы.
2. Алынған және берілген несиелер үшін есеп айрысулар, олар үшін пайыз төлеу, сонымен қатар есеп айрысуларды жергілікті бюджеттің қаражаты есебімен жүргізу.
Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып 3-ке бөлінеді:
Ішкі несиеде мемлекет несие қатынастары жан-жақты тұрғыда үкіметтің жергілікті органдарының, кәсіпорындарының, ұйымдарының және халық арасында пайда болатын мемлекеттік несиелер.
Сыртқы несие немесе халықаралық несие, яғни басқа мемлекеттің үкіметтері, банктері, компаниялары, сонымен қатар халықаралық қаржы банк ұйымдары, мемлекет несие берушілер болып табылады.
Шартты мемлекеттік несие-бұл отандық кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына кепілдік шарттары бойынша несие алуы.
Мемлекеттік несие алу көздері - бұл кәсіпорындарда, банктерде зейнетақы қорларында, сақтандыру қорларында халықта пайда болатын уақытша бос ақша қаражаттары. Мемлекет несиені төменгі ресурстарда пайдаланады:
1) Бюджет тапшылығын қаржыландыру;
2) Кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмыстарды қаржыландыру;
3) Билікті жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру;
4) Елдің ақша айналысын реттеу;
Мемлекеттік несиенің негізгі нысаны - ол мемлекеттік қарыздар бо
Страницы: << < 51 | 52 | 53 | 54 | 55 > >>