Деньги, финансы и кредит

Страницы: <<  <  52 | 53 | 54 | 55 | 56  >  >>

лып табылады. Мемлекеттік қарыздар дегеніміз - мемлекет белгілі бір мерзімге белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір салаларын алатын мемлекет пен заңды және жеке тұлға арасындағы қарыз қатынастары. Қарыздар өздерінің өтелу мерзіміне қарай, орнына қарай, орналастыру әдістеріне қарай, валютаның түріне қарай және табыстық түріне қарай бөлінеді. Өтеу мезгілі бойынша 3-ке бөлінеді: 1) қысқа мерзім (1жылға дейін); 2) орта мерзім (1-5жыл); 3) ұзақ мерзім (5жылдан жоғары).
Орналастыру орны бойынша ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Орналастыру әдісіне байланысты еркін айналатын қарыздар, жазылу бойынша орналасқан қарыздар (сенімхат, қолхат).
Табыстық түрлері бойынша қарыздар: пайыздық, ұтыс түріндегі қарыздар (материалдық).
Мемлекеттің қарыздарының мынадай түрлері бар:
1) Қарыз алушыға қатысы бойынша: ҚР үкіметінің қарыздары, ұлттық банк қарыздары, жергілікті атқарушы органдардың қарыздары.
2) Қарыз алу нысаны бойынша: мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, қарыз шарттарын жасау;
3) Несие капиталының рыногтары бойынша сыртқы мемлекеттік және ішкі мемлекеттік қарыздар болып бөлінеді;
4) Қолдану мерзімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар: айналыс мерзімі 1 жылға дейін (қысқа), айналыс мерзімі 5 жылға дейін (орта), айналыс мерзімі (5 жылдан астам) ұзақ мерзім.

10. 2. Халықаралық мемлекеттік несие және мемлекеттік борыш

Халықаралық мемлекеттік несие дегеніміз - халықаралық экономикалық қатынастар сферасында елдің материалдық ресурстарының қозғалысы мемлекеттің дүниежүзілік қаржы нарықтары мен қаржы қатынастарының жиынтығы. Халықаралық несие - бұл бір қатар елдер мемлекеттік банктің, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаның басқа елдің мемлекеттеріне банктеріне заңды және жеке тұлғаларға берілетін қарыздары.
Х

Страницы: <<  <  52 | 53 | 54 | 55 | 56  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: