3. Бақылау функциясы-салық қызмет органдар тарапынан салықтың бюджетке белгіленген мөлшерде толығымен өз уақытында дұрыс есептелуін салық заңдарының бұзылмауына бақылаулар жасау.
ҚР салық кодексіне сәйкес мынадай салық салу принциптері қолданылады:
1. Салық салу міндеттілігі принципі, яғни салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттерін толық көлемде белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
2. Салық салу айқындылығы принципі, яғни салық төлеушіге салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдері айқын және нақты болуы қажет.
3. Салық салу әділдігі принципі, яғни салық салу төлеуші үшін жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
4. Салық салу жариялығы принципі, яғни салық салу бойынша белгіленген өзгертулер мен толықтырулар, ақпарат арқылы халыққа жариялану қажет.
Салықтың жіктелуі:
1. Салықтарды алу әдісіне қарай 2-ге бөлінеді: тікелей және жанама.
Тікелей салықтарға табыс салығы, меншік салығы.
Жанама қосылған құн салығы, кедендер баж салығы, акциздер.
2. Басқару деңгейіне байланысты:
oo республикалық
oo жергілікті.
3. Салық салу объектісіне қарай: мүліктік, ресурстық, табыстық және де әртүрлі қаржы операциялары.
4. Мерзіміне қарай: үнемі, бір жолғы, маусымдық.
5. Есептеу әдістеріне қарай: прогрессивті, регрессивті, пропорционалды және нақты.
6. Объект бағалау дәрежесіне қарай: нақты және жеке болып бөлінеді.
6. 1. ҚР салық жүйесін ұйымдастыру, салықтың негізгі элементтері және есептелу механизмі
Салық жүйесі дегеніміз - мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қатынастарды анықтау барысындағы салық салу әдістерін халықтық заңдылықтармен оларды іске асыру жолдары және салық қызметі органдарының жиынтығы болып табылады.
Страницы: << < 39 | 40 | 41 | 42 | 43 > >>