Деньги, финансы и кредит

Страницы: <<  <  38 | 39 | 40 | 41 | 42  >  >>


4. субсидия
5. дефицит
6. профицит
7. бюджет балансы
8. салық
9. мемлекеттік займдар
10. бюджет шығысы
11. варрант
а)Кәсіпорындарға мемлекет тарапынан берілетін жәрдем.
ә) Қаражаттардың қай салаға жұмсалатынын көрсетеді.
б) Бюджет табысының шығысынан артық болуы.
в) Бюджет кірісі мен шығысының тең болуы.
г) Бюджеттен өтеусіз негізде берілетін несие бойынша сыйақы бөлігі.
ғ) Бюджет табысының қайнар көзі.
д) Белгілі бір саланы қаржыландыру.
е) Бюджет кірісінің шығыстарынан кем болуы.
ж) Мемлекеттік құнды қағаздар.
з) Тауардың сақтауға қабылданғаны туралы тауар қоймалары беретін куәлік.
и) Бір жылдық қаржы жоспары.
Пайдаланылған әдебиеттер: 2,3,9,10,11,17,19.
8 ТАҚЫРЫП. САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
8. 1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні, функциялары және принциптері

Салық қызметі туралы заң 1990 жылы қабылданды, яғни бұл заңға салықтарды енгізу 1991 жылы 25 желтоқсанды "ҚР салық жүйесі" заңы қабылданды.
Салық-дегеніміз белгілі бір мерзімде белгіленген мөлшерде заң жүзінде белгіленген ставкалар бойынша заңды және жеке тұлғалардан бюджетке төленетін қайтарымсыз төлемдер.
Салық салу пәнін зерттеудің мынадай әдістері бар:
1. Арнайы заңгерлік әдіс, яғни бұл әдіс бойынша салық заңдарын талдап, оларға баға беру;
2. Ғылыми зерттеу әдісі, яғни салықтың элементтерін жеке-жеке талдап, оларға баға беру;
3. Салыстырмалық зерттеу әдісі, яғни шетелдік салық жүйелерімен салыстыру.
Салықтың мынадай функциялары бар:
1. Фискалдық немесе бюджеттік қызмет, бюджеттік кіріс көзін толтыруды көздейді.
2. Реттеуші функция-салықтардың белгілі бір мөлшерде есептелуін салық қызметі органдар тарапынан реттеу.

Страницы: <<  <  38 | 39 | 40 | 41 | 42  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: