Деньги, финансы и кредит

Страницы: <<  <  37 | 38 | 39 | 40 | 41  >  >>

мес сферада жасалынатын кірістер;
3. жұмылдыру әдістері бойынша: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған.
4. Қаржылық мазмұнына қарай салықтық және салықтық емес.
Экономикалық сыныптамаға сәйкес басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстардың құрамына мыналар кіреді: ағымдағы шығыстар (тауар мен қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыс, соның ішінде жалақы, өтемдік және басқада ақшалай төлемақылар, сыйақылар төлеу, субсидиялар және басқа ағымдағы трансферттік төлемдер), күрделі шығыс, кредит беру, үлестік қатысу және қаржыландыру. Басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстарды анықтайтын басты құжаттар
штат кестесі мен шығыстардың сметасы болып табылады.
Басқару органдары, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер штат кестесін қалыптастырған кезде типтік құрылымдарды, типтік штаттарды, заң нормативтерін, басқару аппараты қызметінің лауазымдық қызметақыларының схемаларын, олардың жалақысының мөлшерлемелерін және шығыстың басқа түрлерінің нормативтерін басшылыққа алады.

СӨЖ тапсырмалары:
1 тапсырма. Студент берілген баяндама тақырыптары бойынша презентация қорғауы тиіс. Презентацияны дұрыс ашып түсіндірілуіне және қызығушылық туғызғанына, әдебиет әсiресе қосымша әдебиет қаншалықты қолданылғанына байланысты бағаланады.
1. Жалпы мемлекеттік қаржылар.
2. Бюджеттен тыс қорлар.
3. Мемлекеттік табыстар мен шығыстар (газеттен үзінді).

2 тапсырма. Төмендегі экономикалық терминдерден сөзжұмбақ құрастыру.
Инвестиция, аккредитив, инфляция, тауар, чек, коммерциялық, ассортимент, баланс, коньюктура, маслихат, бюджет, дотация, субсидия, несие, субвенция, девальвация, деноминация, дефляция.

3 тапсырма. Берілген терминдерге сәйкес төмендегі анықтамаларды тап.
1. бюджет
2. инвестиция
3. дотация

Страницы: <<  <  37 | 38 | 39 | 40 | 41  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: