Деньги, финансы и кредит

Страницы: <<  <  23 | 24 | 25 | 26 | 27  >  >>

тілігі, яғни жүргізілген бақылау заңға сәйкес өздерінің тексерілуі негізіне байланысты белгілі бір тәртіппен реттеліп отыру қажет;
2. Бақылаудың нақтылығы;
3. Бақылаудың жариялылығы, яғни қаржылық көрсеткіш және қаржылық қатынастарды бөлу және қайта бөлу барысына сәйкес мемлекет пен қоғам арасында бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастыруды, олардың әдістерін қолдану, белгілі бір істі ұқыпты орындау мен ондағы нақты ұсыныстарды енгізу.
ҚР қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге қарай мемлекет, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып бөлінеді.
Мемлекеттік қаржылық бақылау - бұл бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, ҚР заңдарына сәйкестігін тексеру.
Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік үкімет және басқару органдары іске асырады. Олар: Президент әкімшілігі, ҚР парламенті, Үкімет, жергілікті үкімет органдары, жергілікті әкімшілік органдары. Республиканың бюджеттерін бақылау жөніндегі есеп комитеті, ішкі бақылау жөніндегі орталық өкілетті орган жүргізеді.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың мынадай түрлері бар:
1. Кешенді бақылау, яғни мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің нақты кезеңіндегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау.
2. Тақырыптық бақылау, яғни объектінің нақты кезеңіндегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру және бағалау.
3. Үстеме бақылау, мемлекеттік қаржылық бақылау объектілеріне байланысты ақпарат алу қажеттілігіне байланысты үшінші бір тұлғаның құжаттарын тексеру арқылы бақылау жасау.
Жүргізу нысандары мен уақытына қарай қаржылық бақылау алдын ала, ағымдағы және кейінгі болып 3-ке бөлінеді.

Страницы: <<  <  23 | 24 | 25 | 26 | 27  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: