1. Алдын ала бақылау - бұл ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану операциялары істелгенге дейін жүргізілген бақылау.
2. Ағымдағы бақылау, яғни белгілі бір қаржы операциялары жүріп жатқан кезде жүргізілген бақылау, яғни қаржы жоспарларының атқарылу процесінде тауар материалдық құндылық мен ақша қаражаттарын жұмсаудың нормалары мен нормативтерінің сақталуын қадағалау және олардың бөлінуінің сай келуін тексеру.
3. Кейінгі бақылау - қаржы операцияларын жасағаннан кейін жүргізілген бақылау және алдын ала бақылау мен ағымдағы бақылау кезінде анықталмаған заң бұзушыларды ашу.
3. 1. Аудиторлық бақылау
Қаржылық бақылауды жетілдірудің маңызды бағалаудың бірі, қаржылық бақылаудың тәуелсіз нысаны - ол аудиторлық бақылау болып табылады.
Аудиторлық бақылау - бұл тәуелсіз аудиторлық фирма және шаруашылық жүргізуші субъекті иелерінің жасасқан келісім шарты негізінде қаржы шаруашылық қызметінің жай күйін тексеру. Аудиторлық бақылаудың негізгі мақсаты - кәсіпорының, фирманың, ұйымның бухгалтериядағы қаржы есебінің дұрыстығын белгілеу және олардың ақпараттық жүйелерінің сенімдігін бағалау.
Аудиторлық палата - бұл коммерциялық емес, тәуелсіз, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйымдар болып табылады. Аудиторлық қызмет - бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есептеме аудитін жүргізу жөніндегі кәсіптік қызметі. Аудиторлық қызметтің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1. Тәуелсіздік, яғни өзін-өзі басқару негізінде әртүрлі нысандағы тексе-
рулерді жүргізу;
2. Объективтілік, яғни заңға сәйкес тексерулерді объективті, нақты түрде
жүргізу;
3. Кәсіби біліктілік, яғни жоғары білімді мамандар көмегімен тексерулерді жүргізу;
4. Құпиялылық, яғни тексерген кәсіпорын туралы құпиялард
Страницы: << < 24 | 25 | 26 | 27 | 28 > >>