лақы, несие сияқты категорияларымен өзара байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды.
Баға - тауар құнының ақшалай тұлғалануы (өлшемі), ол еңбек өнімінің натуралдық заттай нысанынан ақша нысанына көшуі, бағада құнның барлық құндық бөліктері қаржы ресурстарымен қаржы қорлар негізінде бөлінеді және қайта беріледі. Баға амортизациялық аударымдардың көлемін анықтауда үлкен рөл атқарады, яғни өндіріс құралдарының бастапқы және қолданыстағы бағасының арасындағы ауытқуларды көрсетеді.
Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты - бұл жалақы қорымен басқа қорлардың ары қарай жиналуына жағдай туғызады. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы артуына және өзара іс-қимылда ұдайы өндірістік процестерді ынталандырады. Жалақы мен қаржының іс-әрекет етуінің айырмашылығы мынада болып табылады:
1. Қаржы бөлудің анағұрлым кең болуы, ал жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге жұмсалады;
2. Қаржы құнның бір жақты қозғалуына қатысады, ал жалақы еңбек құнына және оның ақшалай өтемақысына қатысады;
Қаржы есеп-қисаптармен және есеп айырысумен тығыз байланысты, өйткені олардың іс-әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген.
Осы жоғарыда айтылған экономикалық категориялар ұдайы өндірісте оны басқару барысында және де оны жүзеге асыруды бақылау кезінде олардың тиімділігі және нақтылығы, сонымен қатар оларды пайдаланудағы үйлесімділік, қажеттілік және де тәсілдемелік сипаты көрінеді.
СӨЖ тапсырмалары:
1 тапсырма. Студент берілген баяндама тақырыптары бойынша презентация қорғауы тиіс. Презентацияны дұрыс ашып түсіндірілуіне және қызығушылық туғызғанына, әдебиет әсiресе қосымша әдебиет қаншалықты қолданылғанына байланысты бағаланады.
1. Қаржының айрықша белгілері және табиғаты.
2. Қар
Страницы: << < 12 | 13 | 14 | 15 | 16 > >>