ктерінде және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан үрдістері жүзеге асырылады. Салықтар арқылы мемлекеттік бюджетте өндірістік, сондай-ақ әлеуметтік, ұлттық шаруашылық мәселелерді шешуге, ірі салааралық кешенді нысаналы бағдарламаларды, ғылыми-техникалық, экономикалық және көптеген қаржыландыруға бағытталған қаражаттар шоғырландырылады.
Қаржының бөлгіштік қызметінің іс-әрекеті оның мәнінен жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден, табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан, ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі болып бөлінеді.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру қоры шығарылып тасталады. Қоғамдық өнім мен ҰТ алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категориялармен тығыз байланыста дамиды.
Кейінгі бөлу салалық және аумақтық тұрғыдағы ШЖС бойынша қоғамдық өнімді өткізу процесі болып табылады.
Қаржы көмегімен ҰТ бөлу және қайта бөлу 2 әдіспен жүргізіледі:
1) Қаржылық бюджеттік әдіс - бұл бюджет қаражаттарын қайтарымсыз тәртіппен бергенде қолданылады;
2) Несиелік банктік әдіс - бұл уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдырады және қайтарымдық негізде несиелер беру болып табылады.
2. 3. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
Қоғамдық өнімді бөлу үрдісінде өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізу субъектілер арасында олардың әрқайсысы мақсатты арналым бойынша беріледі. Осыған байланысты қаржы экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады. Бұлардың әрқайсысы ерекше және өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жа
Страницы: << < 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>