ң қауіпсіздігі функциясын қамтамасыз ете алмайды. Мемлекет шаруашылық үрдістерді реттеу кезінде едәуір экономикалық функцияны орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай болып табылады. Мемлекет қаржының көмегімен салалық және аумақтық аспектілерде қоғамдық өндірістердің ауқымы реттелінеді және де басқа қоғамдық қаражаттар қанағаттандырылады. Қаржы қатынастары едәуір жоғары дәрежелі болғанымен мемлекет қаржысын және бірлесіп тұтынылатын материалдық және материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар және елді мекендердегі құрылыс объектілері, жол торабы мемлекеттік биліктің басқарудың құқықтық тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен мекемелері, халықтық әлеуметтік қорғау, білім беру мен денсаулық сақтау жатқызылады.
2. 2. Қаржының атқаратын қызметі
Қаржы жалпы ішкі өнімді бөлу мен қайта бөлудің экономикалық құралы ретінде ақша қорларының жасалуын және пайдалануын бақылау болып табылады. Сондықтан қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі, оның орындалу қызметінен айқын көрінеді. Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік тұжырымдамасының жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің ақша нысанындағы қоғамдық өндірістің құнын бөлу процесінде пайда болады және қаржының бөлгіштік сипаты, оның іс-әрекет етілуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бөлгіштік қызметінің көмегімен қаржы 2 қызметті орындайды: бөлу және бақылау қызметі.
Бөлу қызметінің көмегімен жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігі бөлінеді және қайта бөлінеді. Бұл қызметтің қаржы өнімді бөлу кезінде ақша қаражаттарын орталықтандыру болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлі
Страницы: << < 10 | 11 | 12 | 13 | 14 > >>