Деньги, финансы и кредит

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

р ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып дамыды және мемлекеттің қаржы ресурстарына қажеттіліктермен тығыз байланысты болды.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары тауар-ақша қатынастарын қамту сферасымен қоғамдық ұдайы өндіріс үрдісіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен мемлекет табиғатымен және функциясымен айқындалады. Қаржы экономикалық категория ретінде экономикалық заңдардың (құн заңының, сұраныс пен ұсыныс заңының, өндірістік күштердің сипатымен даму деңгейіне сәйкестік заңының және уақыт үнемдеу заңының) іс әрекетіне негізделеді.
Қаржы - мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардың арасында, жекелеген мемлекет арасында ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалану болып табылатын ақша қатынастарының жүйесі, яғни ерекше қорлар арқылы іске асырылатын ақша қатынастары.
Қаржы - бұл ақша қатынастарының жиынтығы және олардың ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан оның рөлі және маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарында ерекше орын алып отырады, алайда кез келген ақша қатынастары, қаржы қатынастарын білдіре бермейді және ақша әртүрлі экономикалық категориялардың, бағаның, еңбектің, қаржының, кредиттің көмегімен жүзеге асырылатын қоғамдық өндірістің бүкіл құндарының қозғалысын ортақтастырады.
Қаржының ақшамен мазмұны жағынан да, функция жағынан да айырмашылықтар бар: ақша бұл ең алдымен өндірістің еңбек шығыны өлшенетін жалпыға бірдей болып табылады, ал қаржы жалпы ішкі өнімнен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі. Ақша қорларын жасаумен пайдалануға бақылау жасаудың құралы.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайда кең мүлік пайдаланыла алмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік экономикалық бағдарламаларын қорғаныс және елді

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: