ықсыз құрбан болды.
Ахмет Байтұрсынұлы И. А. Крыловтың мысалдарын қазақшаға аударып, оны кітап етіп шығарған. Солардың бірі - бүгінгі "Аққу, Шортан һәм Шаян"мысалы.
Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқып беремін. Бірнеше оқушыға мәнерлетіп оқытып, сұраққа - жауап аламын.
- Балалар, олар қалай өмір сүреді?
- Олар не істемек болды?
- Олардың жүктері неге қозғалмады?
- Ақын бұл кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?
Оқушылар, мысалда автордың айтайын деген негізгі ойы болады дедік.
Негізгі ой дегеніміз - ақынның айтар өсиеті.
Ой қозғау.
1 - топ. "Аққулар"
- А. Байтұрсынұлының түйінді ойықай жерде жазылған?
- Бұл мысал бізді неге шақырады?
(Мысалдың тәрбиелік мәні балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру)
2 - топ. "Шортандар"
Негізгі ойға қатысты ынтымақ, бірлік туралы білетін мақалдарын жазу. Мысал:
1. Бірлік болмай, тірлік болмас.
2. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
Топ мүшелері жазған мақалдарының мағынасын түсіндіреді.
3 - топ. "Шаяндар"
Осы мысалды сахналық қойылым ретінде дайындайды
Бұл тапсырмада балалар алдын ала мысалды диалогке айналдырады.
Мысалы, автор "Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген арба тауып алып, қатты қуанышқа кенеледі.
Аққу айтады: - Достар, келіңдер мына арбаны әуеге тартып шығарайық,
Шортан айтады:
- Мұны көлге апарайық,- дейді.
Шаян айтады:
- Жоқ онан да мұны құмға апарайық.
Автор:
- Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды
Осылайша балалардың әрқайсысы өз ойларын айтып, мысалды әр үрлі импровизация жасайды.
Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық,
Страницы: << < 42 | 43 | 44 | 45 | 46 > >>