саған ерекше әсер етті? Неліктен? Сенің қай ағашқа жаның ашыды? Неліктен?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Қазіргі заманда олар қалай өмір сүреді екен? Бұл ертегіден ойыңа не түйдің? Қандай қорытынды пікір айта аласың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер қауын, қарбыз жеп көрдіңдер ме? Оның дәмі қандай? Олар туралы жұмбақ білесіңдер ме?
Ү. Жаңа сабақ. Жолтай Әлмашевтің "Қауын мен Қарбыз" ертегісін түсініп оқу;
сөздік жұмыс: Түйнек - өсімдіктің өніп шыққан жеміс түйіні. Тұз тағылары - далада тіршілік ететін жабайы аңдар. Пәлек - қауын-қарбыздың көлбей өскен өркені. Сұрақ-жауап: Қарбыз бен Қауын қандай шешімге келді? Қауынды кім тауып алады? Қарт қауынның дәнін не істеді? Қарбыздың жағдайы не болды?
ҮІ. Білімін тексеру. 1. Бұл ертегіден нені түсіндің? 2. Ертегі қалай басталатынын дәптеріңе жаз. (Ерте- ерте, ертеде, ешкімнің табаны тимеген ен далада Қауын мен Қарбыз жайқалып өсіп тұрыпты. . . ) 3. Қарбыздың жалғыз қалып өкінген жерін ертегіден тауып оқы.
ҮІІ Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Нелер жайлы? "Дән - Қауынның жүрегі. Осы өлмесе, ол мәңгі жасайды" дегенді қалай түсінесің? Бұл үзіндіні, яғни Қарбыздың жағдайын оқығанда қандай сезімде болдың?
ҮІІІ Үйден: оқу, әңгімелеу. Суретін салу. 2. Бағалау .
Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы. "Аққу, Шортан һәм Шаян".
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы туралы мағлұмат бере отырып, шығармаларының мазмұнымен таныстыру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсінігін, өз ойларын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алуын
және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелігі: Ахмет Байтұрсынұлының тұ
Страницы: << < 40 | 41 | 42 | 43 | 44 > >>