рап не айтар едіңдер?
2. Оқулықпен жұмыс: Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.
3. Кітаптағы суреттің осы оқыған жырмен байланысы бар ма? Қандай?
4. Сөздік жұмыс: мына сөздерді қалай түсінесің?
Мазар - зират, мола.
Пешене - бақ, маңдай, тағдыр.
Шері - жолбарыс
Даусы жерді көшірді - даусы айналаны жаңғыртты.
Ү. Жаңа сабақты пысықтау: 1. Сұрақ - жауап:
Қамбар батыр нені айтып уайымдады? Батыр өзінің қара қасқа атын жақсы көретінін оның қай сөзінен аңғаруға болады? Қамбар сияқты тағы қандай батырларды білесің?
2. Үзіндіден жолбарыстың тұлпарға шабуыл жасаған кезіндегі кейпін суреттеген жолдардан теңеулерді тап,
Түгінің бәрін жатқызып, Құлағын жымып жапырды.
Көріктей ашып ауызын, Ырылдап жаман ақырды.
Даусы жерді көшіріп, Нар маядай бақырды.
Бүркіттей жазып тырнағын, Тұлпарға барып асылды.
3. Әсірелеу - бір нәрсені немесе оқиғаны күшейтіп, үлкейтіп айту дегенді білдіреді.
Әсірелеу - бір нәрсені немесе оқиғаны күшейтіп, үлкейтіп айту дегенді білдіреді.
Қара қасқа аттың сыртқы түр - тұлғасы сипатталатын тұсын жырдан тауып оқы. Бұл жерде қандай көркем сөздер қолданылған? (Мойның алтын табақтай,
Қамыстай екі құлағың. Төрт аяғың қазықтай,
Төңкерген кесе - тұяғың. Сұлулығың сүмбідей,
Жылқыға бітпес жануар, Сымбатың мен сияғың. )
ҮІ. Қорыту: 1. Жырдағы көркем сөздерді, әсірелеп айтылған сөздерді тауып, сызбаны толтыр.
Қара қасқа ат
әсірелеу
мойны
алтын табақтай
құлағы
қамыстай
Төрт аяғы
қазықтай
тұяғы
төңкерген кеседей
сұлулығы
сүмбідей
2.
ҮІІ. Үйге тапсырма: оқу, түсінігін айту, суретін салу.
Тақырыбы: Тайбурылдың шабысы ( "Қобыланды батыр" жырынан үзінді)
Мақсаты:
1. Ха
Страницы: << < 18 | 19 | 20 | 21 | 22 > >>