Қорыту: 1. Ер Тарғынды және Домбауылды суреттейтін жолдарды тауып оқы. Екеуін салыстырып айт. 2. Кітаптағы суретке қарап осы оқыған жырмен байланысы бар деп ойлайсың ба?
ҮІ. Үйге тапсырма: жырды түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау.
Тақырыбы: Жолбарыспен айқас. (Қамбар батыр. жырдан үзінді)
Мақсаты:
1. Халық ауыз әдебиетіндегі Қамбар батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу;
2. оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу;
3. іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу; берілген тапсырманы тез, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу.
Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: кітап, суреттер, сызбалар.
Сабақтың ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тұжырымдау, тиянақтау сезімін дамыту.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. "Ер Тарғын" жырында қандай оқиға баяндалады? "Ер Тарғын" тұлпары қалай аталады? Жекпе-жекке Тарғынның аман қалу себебі неліктен деп ойлайсың? Егер Ер Тарғын Домбауылдан жеңілсе, елдің жағдайы не болар еді?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Осы "Ер Тарғын" жырынан өзіңе қандай әсер алдың?
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Бүгінгі сабақтан қазақтың қас батыры аты аңызға айналған Қамбар батыр туралы білеміз. Кітаптағы суретке қа
Страницы: << < 17 | 18 | 19 | 20 | 21 > >>