Әдебиеттік оқудан жоспарлар

Страницы: <<  <  20 | 21 | 22 | 23 | 24  >  >>

: Жырдан Тайбурылдың шабысын әсірелеп (күшейтіп) сипаттаған жерді тауып оқы. (Сонда бурыл гуледі. . . )
3. Көлге, тауға қатысты сипаттау сөздерді жырдан тауып, сызбаны дәптеріңе толықтырып жаз.
(қазды көл, қулы көл, желді көл. шалқар көл, қызды көл); (барлы тау, қарлы тау, Қаратау, Алатау)
ҮІІ. Қорыту: Батырлық жырларда қандай ұқсастық бар?

"Қамбар батыр" жырынан
"Қобыланды батыр" жырынан
Өлең сазы
Ырғағы
Көркем сөз
Әсірелеу
Теңеу. . . .


ҮІІІ Үйге тапсырма: суретін салу, оқу, әңгімелеу.


Тақырыбы: Алпамыс батыр ( жырдан үзінді)
Мақсаты:
1. Халық ауыз әдебиетіндегі Алпамыс батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға, үзіндідегі тілдің көркемдігі жөніндегі әсірелеу сөздерін тауып, тез түсініп, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу;
2. оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; і
3. здену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу;
Күтілетін нәтиже: Намысты, патриотты тұлға
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік
Көрнекілігі: суреттер, кітап
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламыз, Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Жырда не сипатталады? Қобыланды батыр

Страницы: <<  <  20 | 21 | 22 | 23 | 24  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: