Әдебиеттік оқудан жоспарлар

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>

ының Сырымға айтқан шешендік сөздерінен не түсіндің? Өз сөзіңмен айт. Сырым Малайсарыға неге ренжіді? Малайсарының қиындықтарын сен қалай түсіндің? Дәптеріңе жазып ал. (жастық кездегідей шауып жүре алмайды, бірдеңе дұрыс болмаса үйдегілермен сөзге де келіп қалу, сөз талас та болуы, жалғыздықтың келуі, өзі еңбектенбегеннен кейін кісі қолына қарау, қартайған соң аурудыңда көбеюі . . . )
ҮІІ. Қорыту: Сен досыңа қандай бата - тілек айтар едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу, бата жазып келу. Бағалау.



Тақырыбы: Қазбек бидің шешендігі.
Мақсаты:
1. Шешен Қазбек бидің тапқырлығымен, екшелігімен таныстыра отырып, оқушыны тапқырлыққа, шешендікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу;
2. сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру;
3. сөздік қорын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас.
Көрнекілігі: кітап,суреті, сызба, кесте.
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. . Сабаққа әзірлік. Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау. Сырым Малайсарыға не сыйлады? (кілем жабылған қара нар) Малайсарының Сырымға айтқан шешендік сөздерінен не түсіндің? Өз сөзіңмен айт. Сырым Малайсарыға неге ренжіді? Малайсарының қиындықтарын сен қалай түсіндің?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен досыңа қандай бата - тілек айтар едің?
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе: Қазбек бидің қандай өсиетін 3 класта оқыдық? Мәтінді түсініп , іштей, жалғастырып, рөлмен оқу;

Страницы: <<  <  11 | 12 | 13 | 14 | 15  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: