ҰБТ-ға дайындық

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9

й отырып, тілін дамытуға мол ықпал етеді деп ойлаймын.
Бұл технологияны қолдану барысында, өтілген материалды жақсы меңгеруге, оны жан-жақты талдап, терең түсінуге өз бетінше еркін жұмыс жасауға, өз көзқарасын айта білуге, ойлау қабілеті мен қиялын арттыруға, жалпы оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына септігін тигізеді.
Сонымен қатар сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырады және оқушылардың бірінен-бірі қалғысы келмей тапсырмаларды орындап, нашар оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушы дәрежесіне көтерілуіне мүмкіндік жасайды.
Жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мұғалім өз жұмысына талдау жасап, қызметіндегі артықшылықтары мен кемшіліктерін көре алады. Өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып, кемшілік болса түзеп, артықшылықтарымен өз әріптестерімен бөлісе алады, олай ету әр маман үшін өте тиімді.
Мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе,жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады ; қазақ тіліне қызығушылық көтеріледі, ауызекі сөйлеуі дамиды, коммуникативтік дағдылар қалыптастырылады.

Ендігі кезекте, өзім сабақ беретін сыныптардағы үлгерім көрсеткішінің диагностикасын көрсеткім келеді.

Қорыта айтқанда, қазақ тілін үйрету жұмыстарын орындау дұрыс жолға қойылған жағдайда ғана, тіл үйрету сабақтарының мақсаты шешілері сөзсіз.
Мектеп түлегі өзіне өзі сенімді , өз алдына білім шыңынан көрінуді мақсат етіп қойған мүдделі тұлға болуы тиіс!






Страницы: <<  <  7 | 8 | 9
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: