ҰБТ-ға дайындық

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9  >  >>

4. Тест жұмыстары
Жазу арқылы жүйелі сөйлеуді, сөйлеу стилін үйрету және ауызекі сөйлеуге жұмыс жасатуға болады. Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі - диалог арқылы дамыту. Диалог құру үшін белгілі бір тақырыпта оқуға байланысты оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып диалог дұрыс құруға тырысады. Бұл оқушының тілін дамытады.
Ендігі бір айта кететін жайт, қазіргі заман талабына сай сабақтарымда жаңа технологияларды қолдануым: Бұл СТО стратегиялары- оқушылар тілінің дамуына талдау, сұраққа жауап беру, салыстыру, сурет бойынша мәтін құрау, өлең шығару стратегиялары арқылы ықпал етеді. Қалай десеңіз?. . . .
Жоғарыда аталған жұмыстарды әр сынып бағдарламасына сәйкес өзгерісіне енуі мүмкін. Себебі, бірінші сынып бағдарламасы, өзге сыныптар бағдарламасының бастамасы ретінде құрылған. Оқушының сөйлегенде асығып-аптықпай немесе тым жайбарақаттыққа салынбай, байсалды сөйлеп үйрену, өзін дұрыс ұстау мәдениетіне де жаттықтыру жұмыстарын жүргіземін. Сонымен қатар әңгімелеу барысында сұрақ қоя білу, өзіне қойылған сұраққа тиянақты жауап қайтара алуға дағдыландыруға да көңіл бөліп отырамын.
Оқушыларға көпшілік алдында сөйлей білуге үйрету қажет. Сынып алдында тыңдаушыларға қарап ойын асықпай-саспай, қысылмай айтып беру шеберлігіне үйрету де тілдерін жетілдіріп, ой ұшқырлығын дамытады, көпшілік алдында өзін ұстай алуға дағдыланатынына көзім жетті. Оқушылар білімін жетілдіру үшін және сол стратегияларды жүйелі қолдана отырып, оқушының тілін дамытуға, сауатты жазуға, оқушының өз бетімен жұмыс жаса

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: