ҰБТ-ға дайындық

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

бөлу.
Тіл үйрену мен дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процесс. Тіл байлығының мол болуы бір жағынан балада жаңа құбылыс, көрініс ,ұғымдар мен түсініктердің көбеюіне, ал екінші жағынан, тілді жан-жақты меңгеруіне байланысты. Тілдің жақсы дамуының құралы - тілдік қор болып табылады
Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштері:
Өз ойын жүйелі түрде еркін жеткізе білу;
Байланысты сөйлей білу;
Мазмұндылығы; анықтығы, мәнерлілігі;
Грамматикалық,орфографиялық қатесіздігі
Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштерін жүзеге асыру үшін, оқудың алғашқы аптасындамына мәселелерді анықтап аламын:
Сыныптағы әрбір баланың жалпы сөздік қоры;
Сөздің дыбыстық жағын меңгеру дәрежесі;
Байланыстырып сөйлеу дәрежесі.
Сөзді, сөйлемді, сөз тіркестерін тақтадан, кітаптан, дәптерден дұрыс оқыта білу - қазақ тілін меңгертіп, сөздін қорларын молайтуға септігін тигізеді. Мәтінді оқыту негізінде көптеген факторларды ескеру қажет.
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру.
2. Сөйлемді дұрыс құрай білуге жаттықтыру.
3. Байланыстырып сөйлеуді үйрету.
4. Еркін оқуға үйрету.
Сөйлеу және оқуды меңгерген соң, жазу тілі қалыптастырылады. Сөз -тілдің негізгі өлшемі. Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі. Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты.
Тіл дамыту жұмыстарында жаңа сөздік сөздермен жұмыс ерекше орын алады.
1. Тақырыпқа байланысты сөйлем құрастыру.
2. Сурет бойынша әр түрлі мәтін құрастыру.
3. Жаттығу жұмыстарын жазу, кешендік талдау жасау.
Осыдан соң жазба жұмыстарын алуға болады.
1. Сөздік диктант
2. Мазмұндама
3. Шығарма, шағын әңгімелер

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: