ҰБТ-ға дайындық

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ндігін көрсетеді. Қазақ тілінен сұрақтарының ішінде күрделі сұрақтарды шешу жолдарын қарастырайық.
1. Фонетикадан бастайық. Тіл дыбыстарының жіктелуін буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жаттау керек. Дауыссыз дыбыстардың топтастырылуын есте сақтаудың балаға ең жеңіл тәсілін ұсынамын. Мысалы, үнді дауыссыздарды "менің айуларым" тіркесінің оқылуы арқылы есте сақтатамын. Дауысты дыбыстарды алып тастап оқығанда м,н,ң,й,у,л,р,м,ү,н, үнді дауыссыздары дыбыстары қалады. Сондай-ақ ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдардың түрлеріне ережемен қатар мысалды да жаттаған дұрыс. Ережені жатқа білген оқушы мысалды да есінде сақтай алады.
2. Лексикада ережелерін қайталап, әр тақырыптан 25-30 сөзден аспайтын жаттығу жұмыстарын 4 рет орындаған жағдайда оқушы есіне жиі сақтап алады. Егер оқушыға тақырып қиындық туғызса, жаттығуды орындаған кезде көмектескен дұрыс. Бірақ үй тапсырмасына мысалдар жазып келумен қатар ережелерді жаттауға тапсырма берген дұрыс.
3. Морфологияны талдау барысында әр сөз табының кестесін сызғызып, жаттығулар жасатқызу жақсы нәтиже береді.
4. Синтаксис тарауын қайталауда сөйлемнің ережесі мен мысалдарды жазғызып отыру керек . Жай сөйлемнің түрлерін қайталағанда сөйлем мүшелерін қалыпты астын сызғызып, жақша ішіне сөйлем ретінде жазғызған дұрыс. Құрмалас сөйлемді де солай талдатып, тек сабақтастың түрінде тиянақсыз баяндауышына морфологиялық талдау жасатып, сұрақ қою арқылы айыра біледі. Жалаң түрде ережені айтып, лекция түрінде мысалдар жазғызу жеткіліксіз.
5. Тыныс белгілерін қайталаған кезде, тыныс белгілерінің ережесін жаттатқан соң, тыныс белгілерінің сызбасын ғана беріп, мысалдар құратып жазғызу керек. Сонда оқушы тыныс белгілерінің ережесін есте сақтайды. Әр тараудан кейін тест жұмысын алып, қандай сұрақтардан қате жі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: