ҰБТ-ға дайындық

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

бергенін анықтап, сол тақырыпты оқушыға қайтадан түсіндіру керек . Қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындық кезінде мысалдар мен жаттығуларды көп орындаған дұрыс. Мысалы, мына тұрақты тіркестің антонимін табыңыз: Ат ізін құрғатпады - Ат ізін салмады. Бұл сұрақта оқушы екі тақырыпты білу керек. Біріншіден, тұрақты тіркесті, екіншіден антонимді білу шарт. Тақырыпты қайталау барысында оқушыларды топпен отырғызып дайындауда тиімді. Дегенмен жекелеген оқушылармен арнайы жұмыс жасасаңыз нәтижеге жылдам жетесіз. Айталық, Құрмалас сөйлемді қайталағанда, 1-топ Салаластың түрін қайталайды . 2-топ Сабақтастың түрін қайталайды. 3-топ Араластың түрін қайталайды. Тақтаға шығып сызба немесе модель сызу арқылы түсіндіреді. Оқушыны жеке дайындаған сәтте тақырыпты түcіндіріп, оқушыға мысал келтіре отырып түсіндіріп, жаттығулар орындатып бекітіп, өзіне қайталата отырып қорыту керек. Ережелерді мысалдармен қатар жатқа білетін оқушы тапсырманың кез-келгенін дұрыс орындайды.









Оқушыға арналған жадынама.

1. Дайындық орнын әзірле: үстел үстінен артық заттарды жинастыр, керек заттарыңды (кітап, дәптер, қаламсап, т. б) жаныңа әкеліп қой.
Бөлмеде сары немесе күлгін түсті жиһаздарды орналастырған жөн. Олар адамның интеллектуалдық ойлау қабілетін жетілдіреді.
2. Өзіңнің "бозторғай" немесе "үкінің" қайсысына жататыныңды анықтап ал. Соған байланысты таңғы немесе кешкі уақытты пайдалануға тырыс. Әр күнге қай тақырыпты меңгеретініңді жоспарла. (Мысалы, әр күнде 2 тақырыптан) "Қай тақырыпты оқимын" деп емес, қай пәнді, қай тақырыпты қарайтыныңды біліп барып, дайындықты баста.
Ең бірінші өзіңе қиын пәннен дайындалуды бастаған дұрыс. Ми сергек кезінде жаңа ақпаратты тез қабылдайды. Бұл әдіс сен үшін тиімсіз болса,

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: