инақтау кезінде тек ақырғы нәтиже ғана маңызды емес, сондай-ақ оқушы өзінің жетістіктерін ұғынуы, қол жеткізген нәтижелеріне жеке қарым-қатынасын қалыптастыруы қажет. Бұл балаға өзінің мүмкіндіктерін ұғынуға көмектесетін маңызды педагогикалық талап.
3. Оқушы өзінің портфолиосының материалдарымен өз бетінше жұмыс істеуі керек, алайда үлкендер белсенді көмек көрсеткені жөн. Ең алдымен, портфолио үшін материалдарды жинақтау мен жүйелеудің қажеттілігі туралы есіне түсіріп отыру арқылы. Оқушыға өзінің жетістіктерін көрсетудің түрлі әдістерін пайдалануға кеңес беруге, оқушылардың ғылыми конференцияларына баяндама немесе хабарлама дайындаудың мүмкіндігі және орындылығын көрсетуге болады. Осындай жұмыстарды кез-келген педагог, өзінің пікіріне мәжбүрлемей, атқара алады, сонымен қатар бағалау оқушылардың белсенділіктерін ынталандырады. Мысалы, оқушыға қызықты әлеуметтік жобамен айналысатын топтың жұмысына қосылуға кеңес беру.
Мазмұны жағынан портфолионың келесі түрлерін көрсетуге болады:Жетістік портфолиосы:
оқу материалының белгілі бір блогы бойынша оқушы қол жеткізген жетістіктерден тұрады, ол баршаға белгілі, мүмкін және қолжетімді тәсілдермен рәсімделеді.
рефлексивті портфолио: мақсатқа қол жеткізудегі, өзінің оқудағы бағыт ерекшеліктері мен нәтижелерінің сапасын өзіндік бағалау мен бағалау; түрлі ақпарат көздерімен жұмыс ерекшеліктерін талдау, сезіну, ойлау, әсер және т. б. материалдарынан тұрады.
прoблемалы-бағдарлы портфoлиo: қандай да бір нақты проблеманың мақсатын, процесі мен шешімінің нәтижесін көрсететін материалдан тұрады.
ойлау білігін дамытуға арналған пoртфoлиo: oқушының oқу прoцесін бағалаудың талдау-жинақтау деңгейінде көрсететін материалдан тұрады.
тақырыптық портфoлиo: oқушының қандай да бір тақырып немесе мoдуль де
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>