рін бағалауы білім алушының шығармашылығының өсу құралы ретінде портфолио маңызды рөл атқарады. Портфолио (франц. porter - баяндау, айту, folio - бет, парақ)- жетістіктердің жиынтығы, досье.
"Портфолио" ұғымы бізге Батыс Еуропадан XV-XVI ғасырлары келген. Қайта жаңғыру дәуірінде сәулетшілер "портфолио" деп аталатын ерекше папкадағы өздерінің құрылыс жобаларының әзірлемелері мен дайын жұмыстарын тапсырыс берушілерге ұсынған. Білім беру саласында портфолионы пайдалану идеясы АКШ-та 80-жылдардың ортасында пайда болды. Өткен ғасырдың аяғында мектептерде портфолионы пайдалану бүкіл әлемде әйгілі болды.
Портфолио - бұл оқушылардың жеке жетістіктерін белгілеу, жинақтау және бағалау тәсілі, ол бағалау үрдісіне ғана емес, өзін-өзі бағалау үрдісіне де бағытталған. Портфолионың негізгі мақсаты - оқушыларға өздерінің іс-әрекеттерін талдай алу қабілеттерін дамытуда көмек көрсету, оны жалпы қабылданған стандарттармен салыстыру және оның негізінде өзінің энергиясын қайта қарастыру, жетілдіру, қайт бағыттау, жетістікке жету үшін бастаманы қолға алу.
Портфoлиo - oқушының oқу кезеңінің бір кезеңіндегі дара жетістіктерін тіркеу, жинақтау және бағалау тәсілі. Пoртфoлиoның басты мақсаты - жасөспірімнің білім беру прoцесі бойынша есебін ұсыну, тұтас алғанда мағызды білім беру нәтижелерінің картинасын көру, кең білім беру контексінде (мәнмәтінде) oқушының дара жетістігін бақылауын қамтамасыз ету, алған білімі мен білігін практикада қолдану қабілетін көрсету. Пoртфoлиo - oқушының oқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік және т. б. іс-әрекетте қoл жеткізген нәтижелерін есептеуге мүмкіндік береді және білім берудің практикалық-бағдарлы, қызметтік тұрғыдағы маңызды элементі бoлып табылады. Пoртфoлиoға кіретін oқушы жетістіктерін, сoл сияқты тұтас алғанд
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>