ім мен іскерліктер жүйесін қалыптастырудың біртұтас үдерісі ретінде қарастырылады. Зерттеушілердің басым бөлігінің пікірі бойынша маманның
дайындық құрылымын біртұтас психикалық құбылысты (тұлғаның жай-күйі)
құрайтын, нақты қызметті орындау үшін қажет білімдерді және іскерліктерді
біріктіретін құрамдастар құрайды.
Н. Д. Хмельдің көзқарасы бойынша педагогикалық іс-әрекетке даярлық - бұл арнайы оқытудың және қызметтің өзіне тән тәжірибесінің әсерінен қалыптасқан, педагогтың тұлғалық кәсіби маңызы бар қабілеті сияқты нақты білім мен іскерлікті қамтитын, өзінің жай-күйі бойынша бірқатар элементтерден тұратын күрделі білім. С. П. Степанов кәсіби даярлықты маманның кәсіби қызметті табысты орындаудың қажетті шарты; ол маманға кәсіби талаптар жүйесімен көзделген тұлғалық қабілеттер мен қасиеттерді, психологиялық және тұлғалық сипаттарды біріктіреді деп есептейді. Зерттеушінің пікіріне сәйкес мұндай даярлық кәсіби іс-әрекетке болашақ маманды даярлаудың арнайы ұйымдастырылған үдерісінің нәтижесі болуы мүмкін .
Педагогикалық қызметте инновацияларға педагогикалық жоғары оқу орны
студенттерінің даярлығын қалыптастыру ең алдымен келесідей даярлықты
қалыптастыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтеміз: ғылыми өңдеулерді қабылдау, меңгеру; басқа мұғалімдердің инновациялық тәжірибелерін тасымалдау және оны жаңа жағдайларға бейімдеу; өз меншігінің жаңалықтарын өңдеу (оқытудың және тәрбиелеудің әдістері, үлгілері, технологиялары); өзінің инновациялық тәжірибесін тарату; эксперименттер ұйымдастыру және жүргізу; инновациялық педагогикалық қауымға жағымды қолдау көрсету. Педагогикалық қызметте инновацияларға даярлық төмендегідей түсіндіріледі: субъектінің педагогикалық қызметте инновацияларды қабылдауға, меңгеруге, жүргізуге біртұтас даярлығы; қазі
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>