іби маманы болу қай мамандықтың иесіне болсын қойылатын басты талап. Дәстүрлі мұғалім «жеткізуші», ал оқушы «қабылдап алушы» немесе мұғалім дайын піскен мәліметті беруші, ал оқушы оны дайын күйінде қабылдап алушы схемасы дәл қазіргі нарықтық бәсеке заманында мүлде тиімсіз. Нарықтық бәсекелестік мектепке, мұғалімге қатысы жоқ деп ойлайтындар қателеседі. Мұғалім жалпы стандарттық талаптармен бірге, нағыз сыншы алдындағы оқушылардың талабы мен сынына төтеп бере алуы керек. Кәсіптік білімі төмен мұғалімді балалардың өткір сынының өзі–ақ, оның кәсіби шеберлігін үнемі қажетті деңгейде ұстауына әсер етеді.
Қазақстан - демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп отыр. Ал, ол тек ашық та әділ сайлаулар, БАҚ – тың еркіндігі т. б. ғана емес мектепке де қатысты. Мектеп өмірін демократияландыру өзін–өзі басқару, бала құқығының сақталуы, орындалуы, оқушылардың өз пікірлерін ашық, еркін айта алуы, мұғалімнің кәсіби шеберлігіне талап қою т. б. байланысты.
Мектепті демократияландыруға ұстаздардың да дайын болуы, соған ат салысуы оқушылардың белсенділігін арттырып, болашақтың жігерлі азаматтарын дайындаудың алғашқы негізі қаланады. Кәсіби құзырлылық – мұғалімнің біліктілігін арттыру, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну, жоғары деңгейге үнемі ұмтылу мен үнемі ізденіс, жаңашылдығы мен жаңалықты қабылдай білуі мен қолдана білу, адами құндылықтарға сай бола отырып, сол құндылықтарды балаға сіңіре білу.
12 жылдық білім беру психологсыз іске аспайды. Ол туралы, яғни психологтың орны туралы тұжырымдамада айқын көрсетілген. Мектеп психологы баланың жан-дүниесімен жұмыс істеу керектігі түсінікті. Сонымен қатар, оқушыға білім беру процесі барысында әр мұғалім білім беру, оқу процесін ұйымдастырумен қатар олардың психологиялық ахуалын да назарда ұстауы қажет. Яғни, әр мұғалім психол
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>