ог болуы керек. Сыныпта балаларды алалау (әлеуметтік, ұлттық т. б. ), жаман оқитындар немесе жақсы оқитындар деп ашық түрде бөлу жеке тұлғалық және ұжыммен жұмыс істеуге нағыз кедергі болады да, психологиялық ахуал бұзылған жерде білім беру мен білімді игерудің түпкі нәтижесіне қол жетпейді.
Қазіргі заманғы психологияны кәсіби деңгейде болмаса да, белгілі бір дәрежеде игермеген мұғалім жарты қаруы жоқ жауынгер іспеттес. Бала психологиясына сезімтал болу ұстаз үшін бала жүрегіне жол табар жарты жеңіс деуге болады.
Сонымен, 12 жылдық білім беру жағдайындағы мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оқушыға таным – бағыттық білім берудегі ең басты міндеті. Мұғалімнің білім деген теңіздегі кеменің бас «капитаны» болғандықтан, сол кемедегі «матрос» – оқушылардың қабілеті мен жеке қасиеттерінің көзін ашуға көмектесетін нағыз маманы болуы тиісті.
Қорытындай келе, құзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде қарау, зерттеу, бүгінгі күн талабы.
Әр ұстаз оқытудың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталатындығын ескеруі керек. Әлемдік тәжірибеде бар электронды оқу құралдарын пайдалану шеңберін ұлғайту.
Мектептің тәжірибесін зерттеп қорыту, тарату.
Мектепішілік бақылау – басшылық жұмыстарын жандандыру, себебі бұл оқушының білім сапасының деңгейін анықтап, ұстаздың жеке жауапкершілігін көтереді.
Мектептің материалдық базасын нығайту.
Мемлекеттік тілде жазылған әдістемелік құралдарды шығару.
Оқыту деңгейін халықаралық стандартқа жеткізуге қадам жасау.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Государственная программа развития образования в Республике Казахстан до 2020 года. Астана, 2009 ж.
Стратегия информатизации системы образования Республики Казахстан до 2020
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 > >>