БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ –ЕҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

модульдік технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы мұғалім.
Осы мақсаттарды орындап шығу үшін әрине өз ісіне берілген, кәсіби маман қажет. 12 жылдық мектептің педагогы өзін жоғары деңгейде қалыптастырудың бірнеше құзіреттілігін игеруге міндетті.
D
F


F

f
– өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.
Мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдіс-тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданғаны жөн. Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін өз ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Оқушының кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуға тиіс.
Әлеуметтік құзіреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті
(ұжыммен, топпен), қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым – қатынас тәсілдерін қолдана білу.
Яғни, мұғалім оқушылармен қарым – қатынаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты өзгертіп отыруы керек. Оқушыларды топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға, соның ішінде жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек.
Білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Әрине, мұғалімдікке кездейсоқ адамдар келмеуі керек. Мұғалімдік маман атына лайық болуы керек. Мұғалім оқушыға қай жағынан болсын өзін-өзі ұстауы, сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім-киісі жағынан болсын үлгі

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: