. Бұл жағдайда оқушының жеке адам ретінде қалыптасуына жанама әсер етеді. Оқушыларды сыйлау, олардың құқығын, ар-намысын сыйлау. Оқушының ар-намысын сыйламаған, құқығын аяққа таптайтын мұғалімді оқушы да сыйламайды, ұстаз оқушыларына тәлім-тәрбие бере алмайды. Мұғалімнің өз жұмысына ықылассыздығы, жүрдім-бардым қарауы оқушыға тікелей әсер етеді. Талап қоя білмейтін, оқу процесін ұйыдастыра алмаған мұғалім ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмақ емес.
Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік – экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті.
Бұл мынандай фактілерге байланысты:
оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану,
топтық жұмыс дағдыларын дамыту,
әрекеттерге үйрету,
нақты ситуацияларды талдау.
Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Кез – келген ұстаз «Балалар құқығы туралы заңды» және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан жағдайында баланың құқықтық түсінігін ерте қалыптастыру қоғамның болашақ тәртіпті, тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады.
Қазіргі және бұрыннан қалыптасып кеткен көзқарас бойынша мұғалім тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт. Қоғамдағы саяси-экономикалық, құқықтық жағдайларды, әлеуметтік мәселелерді талдай білетін, оны оқушылар игергенде бір саты алда бола білуі керек. Яғни, өз пәнінің айналасында ғана қалып қойса, балаға білім мен тәрбие беруде биік мақсаттарға жете алмайды.
Өз ісінің кәс
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>