Бізге қонаққа ұзын құлақ, сотқар қоян келді

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

ын әкелді.
- Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі, - деп Түлкі келді. Ол қоянға шырша жаңғақтарын әкелді.
- Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі, - деп Түлкі келді.
- Бауырым қоян, туған күнің құтты болсын!- деп, Қасқыр бір шоқ қалампыр гүлін ұсынды.
- Аю неге кешікті?- деп төртеуі бір-біріне қарады.
Біраздан соң есік сыртынан тықыр естілді. Аю кешіккеніне кешірім сұрап, Қоянға арнап бал әкелді.
- Туған күнің құтты болсын! – деп Қоянның құлағынан тартты. Қоянның құлағы лезде қамыстай қалқиып, ұзарып кетті. Содан бері Қоянның құлағы ұзын екен.
Мына сұрақтар қойылып, ертегіні балалар қалай түсінгені тексеріледі.
1. Қоян достарын неге шақырды?
2. Қоян үйін қалай безендірді?
3. Ол туған күніне қандай аңдарды шақырды?
4. Кірпі қоянға не сыйлады?
5. Түлкі ше?
6. Қасқыр не әкелді?
7. Аю қандай сыйлық әкелді?
8. Қоянның құлағы не себептен ұзын?
Бұдан кейін «Жануарлар нені ұнатады?» деген дидактикалық ойын ойналады.
Қызықты арифметика.
Қоян көжегі мен бақшаға барып, қырыққабат, сәбіз жинады?
1. Қоян неше қырыққабат жинады? Сана.
2. Көжек неше сәбіз жинады? Сана.
Қосымша сұрақтар.
Қоян отырып сабақты пысықтау, белсене араласқан балаларды мадақтау, ынталандыру сыйлығын беру.
Тікелей білім беретін қызмет ( көркем шығармашылық( мүсіндеу) пен оқу облыстарын кіріктіру)
Тақпақ: «Қояндар», «Қоянға арналған сәбіз»

Мақсаты: «Қояндар» тақбағының мазмұнымен таныстыру, жадын жетілдіру; ермексазды алақаның арасына салып домалату білімін бекіту, бұрын алған дағдыларын бекіту; қызыл түсті айыру, дайын болған затқа сүйсіну.
Керекті заттар: Фланелеграф, фланелеграфқа арналған суреттер» қоян, сәбіз) сәбіз немесе оның муляжі, ермексаз, тақтайша, қағза майлық.
Барыс

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: