Бізге қонаққа ұзын құлақ, сотқар қоян келді

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

йық.
Қоян: Жалмаңдаған қу түлкі
Келіп қапты орманнан.
Көжектерің, қайда?- деп
Қуып келді соңымнан
Көжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөнеледі, түлкі қуады.
Тәрбиеші: Балалар, біздер бүгін орманда мекендейтін жабайы жануарлармен танысамыз - деп сабақтың мақсатын түсіндірген соң: балалар, сендер өздерің білетін жабайы жануарларды атаңдар, сонан соң жұмбақ шешейік - дейді.
Қыста ақ,
Жазда сұр.
Бұл қай аң?
Балалардың жауабы: Қоян.
- Өте дұрыс. Қоян маусымға байланысты өз түсін өзгертіп отырады. ( тәрбиеші үшін мәтін).
Қоян шөл-шөлейтте, орманды далада мекендейді. Өсімдіктермен қоректенеді. Қоянның құлағы ұзын, құйрығы үлпілдеген қысқа. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын. Сондықтанда биіктеу жерлерге тез көтеріледі, ал биіктен түсерде қоян қиналады, кейде домалап та кетеді.
Кей ертегілерде қоянды «қыли» деп атайды. Неліктен?
Қоянның көзі басының ортасында емес, екі жағында орналасқан. Ол артынан, не жанынан кездесіп қалған аңды тез байқап қалады. Тісі өткір.
Қояндар өзіне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды. Бұта түбінде, орман жиегінде тіршілік етеді. Түнге қарай азық іздеуге шығады.
Көктем, жаз айларында жасыл шөп, өсімдік тамырларымен қоректенеді. Ал қыста қалың қар астында тығылады.
Жаздағы сұр қоян күзде өз терісін ақ түске өзгертеді. Кейде ақ қоянды аңшыларға байқамай қалады. Қыс мезгілінде орманда азық өте аз болғандықтан қояндар кейде бақша дақылдары егілген жерлердегі қырыққабат, сәбіз қалдықтарын жейді. Қыркүйек айында адамдар егісте күздік егістерді ( бидай, қара бидай) себеді. Күз мезгілінің аяғында күздік егіс көктеп, қар астында басылып қалады. Кейде қояндар осындай егіске тап болса, қар астынан шұңқыр қазып күздік егіспен қоректенеді. Қыс мезгілінде қояндар жас тер

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: