Бізге қонаққа ұзын құлақ, сотқар қоян келді

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

ектердің қабығын кеміріп жейді. Орманды мекендейтін кейбір жыртқыш аңдар мен құстар: қасқыр, түлкі, сусар, бүркіт, қаршыға, жапалақ т. б. қоянды аңдиды. Бұл сәттерде қоян өзінің жүйріктігіне байланысты кейде құтылып кетеді.
Тәрбиеші балаларға қоян туралы осылай баяндап берген соң, оны қалай түсінгендерін мына сұрақтар арқылы пысықтайды.
1. Қоянның түр-түсі қандай?
2. Қоян немен қоректенеді?
3. Қандай аң түрлері қоянға шабуыл жасауы мүмкін?
4. Қоян қысқа азық жинай ма?
5. Қандай жерлерде тіршілік етеді?
6. Қоян өзіне үйшік жасай ма?
Бұдан кейін «Қояндар» деген тақпақ арқылы сергіту сәті жасалады.
Ерінбе, қояным,
Ертеңмен оянғың.
Секеңде сен енді,
Шынықтыр денеңді.
Балалар, мына жұмбақты шешеді.
Дыбыстан қашып,
Қаққан безек.
Қорқақ, жасық,
Бұл не. . . . . ?
(көжек)
Әрине, бұл қоянның көжегі. Ол да қоян секілді сыбдыр ести қалса, қаша жөнеледі. Көктемде қоянның көжектері пайда болады. Олар бірден жүріп кетеді. Қоянның көжегі көзі ашық, ширақ болып туады, кішкентай, терісі мамық секілді. Қоян көжегін сүтімен асырайды. Бірнеше күн өткен соң көжектер жасыл шөпті жеп үйренеді.
«Ақ қоян» деген қимылды ойын ойналады. Мұнда сөйлемді жалғастыру қажет.
Қоян қыста ақ, жазда . . . . . .
Қоянның құйрығы қысқа, құлағы. . . . .
Қоянның артқы аяғы ұзын, алдыңғы аяғы. . . . . . . .
Қоянның құлағы неге ұзын?- ертегісін мәнерлеп оқып береді.
Ерте, ерте, ертеде Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырады. Үйін ағаш жапырақтары және әдемі гүлдермен безендіреді.
Қоян туған күніне арнап әдемі көйлегін киді. Ол туған күніне Кірпіні, Түлкіні, Қасқырды, Аюды шақырады.
- Туған күнің, құтты болсын, ақ қоян! – деп, Кірпі бірінші келді. Ол қоянға шырша жаңғақтар

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: