салу «Қояндарға арналған шөп»
Мақсаты: Балаларларды ойын кейiпкерлерімен жақсы қарым-қатынаста тәрбиелеуді жалғастыру, оларға көмектесуге деген көңілдері; бейнелеу материалдарымен дұрыс жұмыс iстеу икемдiлiктерін бекiту, шөптің суретін салу, қысқа сызықтармен, қағаздың барлық бетiнде еркiн орналастыру.
Әңгіме «Бізге қонаққа ұзын құлақ, сотқар қоян келді»
Тақырыбы: «Сүйкімді қоян»
Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Айналамен таныстыру және экология
Аталған сабақтың білімділік мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін толықтыру. Табиғат туралы көзқарастарын қалыптастыру, қоршаған ортаға қызушылық туғызу.
Балалардың аңдар туралы білімдерін пысықтау (түр-түсі, қоршаған ортаға бейімділігі) т. б.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Балаларды табиғатты сүюге, қорғауға, жабайы жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
(Мысалы: табиғат бұрышындағы көжек, кірпіні күту, тамақтандыру).
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Қоршаған орта туралы көзқарастарын дамыту, ой-өрісін кеңейту.
Жабайы жануарлар туралы өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегілер оқу арқылы баланың сөздік қорын дамытуға көңіл бөлінеді.
Сабақта жабайы жануарлардың суреттері, «Жабайы жануарлар әлемі» альбомы, мультфильмдер, орман суреттері, дидактикалық ойынға арналған түрлі-түсті суреттер, бет перделер, саусақты қуыршақтар көрнекілік ретінде қолданылады. Баяндау, көрнекілік, сұрақ-жауап, жұмбақ, ребустар шешу, сөздік ойындар сияқты әдіс-тәсілдер пайдаланады.
«Көжектер мен түлкі» деген қимыл-сынды ойын ойналады.
Ойынның шарты: Бір бала түлкі болып сайланады, қалған балалар көжек бет перделерін киіп, дөңгелене отырады.
Ойынды жүргізуші: ( қоян пердесін киеді)
Көжектерім, тұршы
Беттеріңді жушы.
Ну орманға барайық,
Тамақтанып ала
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>