Бізге қонаққа ұзын құлақ, сотқар қоян келді

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

еші: Сен жылама,қоян, біз саған көмектесеміз. Сенімен бірінші ойын ойнайық, саған көңілді болсын.

Хороводты ойын «Қоян»
Балалар қолдарынан ұстап шеңберге тұрады. Ортада көңілсіз қоян. Балалар өлең айтады:
Қоян, қоян не болды?
Сен неге көңілсіз отырсың.
Сен тезірек тұрда, секір!
Мына сәбізді алағой!
Мына сәбізді алағой!
Алда енді билей ғой!
Бір бала қағаздан жасалған сәбізді береді. Қоян оны алады да, қуанып билей жөнеледі. Балалар алақан соғады. Одан кейін басқасы қоян болады. Ойын 2-4 рет қайталанады.
Қоян: Өте әдемі, қызықты ойын екен. Бірақ өте тамақ ішкім келіп тұр.
Тәрбиеші: Балалар, менде себет бар. Қанекей, қоянға арнап осы себетті әр түрлі көкөністермен толтырайықшы.
(Балалар, себетті әр түрлі суреттер жапсырып қоянға сыйлайды. Қоян рахметін айтып орманға кетеді)
Сенсорды дамытуға арналған тікелей білім беретін қызмет «Қоянға көмектесейік»
Мақсаты: Балаларға шама мен пішін бойынша заттарды кезектестіруге үйрету керек, түс әсерлерді жинақтау, заттармен қарапайым іс-әрекеттерін бекіту керек, ұйымдастырылған оқу іс-ірекетінде қызу қатынасты қалыптастыру, мейірбан сезімдерді тәрбиелеу.
Керекті заттар: Екі шелек,(үлкен-қызыл, кішкентай-жасыл), шарлар, кубик, дөңгелек, шаршы(үлкен және кіші қызыл және жасыл түсті), сиқырлы дорба, Қоян.
Барысы:
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, бізге кім қонаққа келді?
Балалар: Қоян. Бұл, Қоян. (балалар амандасады)
Тәрбиеші: Ол өзімен бірге шелектер ала келіпті. Бір шелек-кішкентай, екіншісі-үлкен. Мынау шелек қандай: үлкен бе әлде кішкентай ма?
Балалар: кішкентай.
Тәрбиеші: Шелек қандай түсті?
Балалар: жасыл.
Тәрбиеші: Дұрыс, жасыл. Ал, мына шелек қандай?
Балалар: Бұл шелек үлкен.
Тәрбиеші: Үлкен шелек қандай түсті?Дұрыс, ү

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: