Сомындар пішіндері әртүрлі болады, бірақ ең кѳп қолданылатыны - алтыжақты. Тетікбѳлшектерді біріктіру кезінде гайкалар астына шайбалар қыстырылады, ал біріктірілген тетікбѳлшектер ѳздігінен бұралмау үшін серіппелі шайбалар, шплинттер (5. 16, а, ә-сур. ), штифтер және т. б. қолданылады.
Тыгырьқ (шайба) - ортасында дѳнгелек тесігі бар сақина тәрізді тетікбѳлшек. Бұраманы белгілеу мысалы: Гайка М12, тығырықты - Шайба 12
Бұрамасұқпа (шпилька) деп бір ұшында біріктірілетін тетікбѳлшектердін біріне бұралынатын, екінші ұшында бұрама бұралатын бұрандалары бар цилиндр тәрізді ѳзекті атайды.
Бұрамасұқпаның тетікбѳлшекке бұралатын бұрандалы ұшынын ұзындығы ѳз диаметріне және бұралатын тетікбѳлшек жасалатын материалға тәуелді болады, мысалы: болат, кола, жезден жасалған тетікбѳлшектер үшін d; шойын тетікбѳлшектер үшін 1,25d; жеңіл қоспалардан, мысалы, пластмассадан жасалған тетікбѳлшектер үшін 2d-га тең болады.
5. 19-сурет. Бұрамсұқпалы біріктіру (а) және оған арналған бекіту тетікбѳлшектері (ә)
Бұрамасұқпаның тетікбѳлшекке бұралатын бұрандалы ұшының ұзындығы ѳз диаметріне және бұралатын тетікбѳлшек жасалатын материалға тәуелді болады, мысалы: болат, кола, жезден жасалған тетікбѳлшектер үшін d; шойын тетікбѳлшектер үшін l,25d; женіл коспалардан, мысалы, пластмас-садан жасалган тетікбѳлшектер ушін 2d-га тен болады. Ұзындығы 100 мм, бұранда диаметрі 16 мм, ірі адымды бұрамасұқпаның шартты белгіленуі: Шпилька МІбхІОО.
Бұрамалы біріктіру - тетікбѳлшектерді бірімен-бірін біріктірілетін тетікбѳлшектердін біріне винтті бұрап біріктіру немесе винт, шайба және гайка кѳмегімен бұрап біріктіру.
Бұрама (винт) - бір шеті бұрандалы, екінші шетінде тіреуіш басы бар, целиндр тәріздес өзек. Бұрамалар басының өлшемдері мен пішіндері стандартталған.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>