Сабақтың тақырыбы: Бұранды кескіндеу және белгілеу
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бұранды кескіндеу және белгілеу және олардың қолданылатын орындарымен таныстыру. Сызбада ажырата білуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, елестету қабілеттерін дамыту арқылы шығармашылық қабілеттерін шыңдау, пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,
ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, жауапкершілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сызу дәптері, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Бұрандалы тетікбѳлшектер бекіту тетікбѳлшектері деп аталады. Оларға жататындары - болттар, винттер, шпилькалар, гайкалар және т. с. с. Бекіту бұйымдарының әр түріне ѳз стандарты сәйкес келеді, бірақ оқу сызбаларында оларды кѳрсетпеуге де болады.
Бұрандамалы біріктіру тесігі бар тетікбѳлшектерді біріктіру үшін қолданылады. а э 5. 16-сурет. Бұрандамалы біріктіру (а) және оған арналған бекіту тетікбѳлшектері (ә)
Бурандама (болт) дегеніміз - басы деп аталын жағына қарама-қарсы ұшында бұрандасы бар ѳзек тәрізді бұрандалы бұйым. Бұрандамаларды басының пішініне қарай алты жақты, жартылай дѳнгелек басты, жасырын басты және т. б. деп ажыратады. Ен кең тарағаны - алтыжақты басты. Бұранда диаметрі 12 мм, ірі адымды, ұзындыгы 60 мм болтты шартты белгілеу үлгісі: Болт М12х60; егер ұсақ адымды болса - Болт М12x1,25x60.
Сомын (гайка) - ортасында бұрандалы тесігі бар, бұрандама мен бұрамасұқпаның ѳзегіне бұрау үшін жасалған тетікбѳлшек.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>