əне сабақтың тез аяқталғандығын күтеді. Əр оқытушы осыған ұқсас жағдайлармен тап болады жəне ашығыны келгенде жиі оқушыны өзін-өзі дұрыс ұстамағанына немесе шет тілдерін оқуға қабілетсіздігіне кінəлауға дайын тұрады. Бірақ берілген жағдай сыни тұрғыдан ойлайтын оқытушы үшін мүлдем басқаша қабылдануы мүмкін: ол үшін -- бұл "Оқытушының амалдары мен əдістері тиімді жəне нақты болады ма, сондай-ақ оқушылардың қажеттіліктеріне сəйкес келеді ме?" деген сұрақтың шешімі болып табылады. Өз бетінше оқушыларды мотивациялаудың қабілеті оқытушының негізгі қабілеті болып табылады 1, б. 84.
Бейнені пайдаланатын білім беру материалының көрсетілуі белгілі бір ерекшеліктермен сипатталатыны белгілі. Жоғарыда аталған мүмкіндіктер мыналарды қамтиды:
1) ақпарат материалды енгізудің бейнелі моделінің болуын анықтайтын техника құралдарымен ұсынылған. Бұл модельдің негізгі сипаттамасы - сюжеттің және композицияның болуы. Бұл факт бір жағынан бейнелі модельді өнерге жақындығына, ал екінші жағынан - шет тілдерін оқытудың дәстүрлі тәсілдерінен осындай модельдің айырмашылығын көрсетеді; бұл жағдайда оқу материалын эмоционалды түрде таныстыру және оның эмоционалды қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. Сабақтың бейнефильмін пайдалану "қатысушылардың қатысуымен және эмпатияның әсері" пайда болуына ықпал етеді, бұл өз кезегінде нақты ынталандыруға жағдай жасайды. Тыңдаушылардың іс-әрекеттеріндегі эмоциялық себептері бағалаудың қалыптасуына байланысты;
2) оқытудың тиімді қырларын күшейтетін, сыныптағы қарым-қатынастың тығыздығын арттыратын, демек, барлық оқу іс-әрекеттерінің тиімділігін арттыратын динамикалық ақпарат беріледі. Материалды енгізудің динамизмі мен эмоционалдылығы ақпараттың есте сақтауына ықпал етеді, болашақта осы мазмұнды көбейту ықтималдығын арттырады;
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>