Бейне материалдарды пайдалану арқылы балаларды ағылшын тілін үйренуге ынталандыру

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

БЕЙНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ЫНТАЛАНДЫРУ
Кужагалиева Мира Тарасовна
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Филология факультеті, шет тілі: екі шет тілі
мамандығының 4 курс студенті.
Жетекші: аға-оқытушы, магистр Утемисова Эльмира Климовна

Аңдатпа. Бұл мақалада бейне материалдарды пайдалану арқылы балалардың ағылшын тілін меңгеруге деген ынтасын арттыру талқыланады. Мақалада психологиялық теорияға сүйене отырып, балалардың ішкі мотивациясын қалай жақсартуға болатынын, содан кейін оны ағылшын тілінде қалай қолдануға болатынын қарастырамыз.
Бейне материалдарды кеңінен қолдану біздің өміріміздегі күнделікті көріністерінің бірі болып табылады. Білім беру саласында Хан Академиясы тәрізді инновациялық стартаптар оқуға арналған анық, қысқа және қарапайым бейнелерді көптеген пәндер бойынша күрделі тақырыптарды меңгеруге көмектеседі. Екінші жағынан, түпнұсқалық видео - бастапқыда білім беруден басқа мақсаттар үшін құрылған (көбінесе ақпарат немесе ойын-сауық) - білім беру ресурсы ретінде кеңінен қолданылмаған. Шет тілін үйренуге қызығушылықты арттырудың бір əдісі -- мотивация. Оқушылардың тілді толық дəрежеде меңгеруі үшін оның сол тілге деген мотивациясын арттыруымыз қажет. Халық даналығында "мотивацияланбаған оқушының жай ғана оқығысы келмейді" немесе "сен жылқыны суатқа əкеле алсаң да, сен оған суды ішуге мəжбүрлей алмайсың" делінген. Бұл нақыл сөздер оқушылардың шет тіліне деген қатынасы қаншалықты əр түрлі болуы мүмкін дегенде есімізге келеді. Бір оқушы үшін тілді меңгеру үрдісі маңызды, көп мағыналы болады,ол тілді меңгеруге мотивацияланған болады; басқа оқушы үшін -- бұл қиын іс, оны ол қиындықпен жасайды жəне өзінің жалығып кететіндігін көрсетеді ж

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: