Бес арыс

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

. Ақындық өнерін де таныта бастайды.
Ресми ақталуы
1988 жылы Шәкәрім ақталып, оның өлмес, өшпес мұрасы халқына қайта оралды. Осы жылы ақынның Жазушы және Жалын баспасынан өлеңдер, ал Өнер баспасынан әндер жинақтары жарық көрді. Тап осы жылы қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерткіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды. Мұның сыртында қаладағы байырғы бір қазақ мектебі ақын есімін иеленді.
Бүгінде осындағы екі бірдей жоғары оқу орнында – Семей педагогика институты мен Шәкәрім атындағы Семей университетінде шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Сол орталықтардың күшімен Шәкәрім және Шәкәрім әлемі атты екі бірдей журнал жарық көруде.
Семей педагогика институтындағы Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығында қазірде Шәкәрімнің тұлғалық экциклопедиясы дайындалуда. Мұның сыртында аталмыш орталықта Шәкәрім мұрасы туралы бүгінгі күнге дейін бес томдық еңбек дайын тұр.
Шығармалары
«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы HYPERLINK "http://kk. wikipedia. org/wiki/1911" o "1911" 1911 ж. жарық көрген. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылсандық шарты» атты туындылары, әлеуметтік-ағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», "Еңлік - Кебек", "Нартайлақ-Айсұлу" т. б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. Көбісінде негізгі сюжет ғашық жастар төңіргіндегі оқиғалар туралы болғанмен, оларды тек қана махаббат трагедиясы деп қарауға болмайды. Шәкәрімнің поэмалары өзінің әлеуметтік, философиялық терең астарымен ерекшеленеді. Оның сезімді жүрегінен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Ж

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: