ысында жеке тұлға қалыптастыру.
Оқушыларды патриоттыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Қазақстанның өркениетті әлемге қол созып, бәсекеге барынша қабілетті елдің қатарына кіруінің негізгі тетігі-білім. Білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайды өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениетті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын педагогикалық үрдістің нәтижесін жаңарта алатын мұғалім болуы керек.
Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту,жаңаша оқыту, тәрбиелеу қажет. Сондықтан да қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу мүмкін емес.
Мұғалімдердің ортақ мақсатын - жеке тұлғаны қалыптастыру болса, оқушы бойынан табылатын жақсы қасиеттердің бәрі мұғалімнің де бойында болуы керек. Мұғалім өз білімін үнемі толықтырып отыруына, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи әдіс - тәсілдермен, ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін меңгерген шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат ете білуі керек. Мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарының нәтижесі немен көрінеді?
Баспасөз беттерінен.
Ашық сабақтарда.
Олимпиадаларда.
Байқауда.
Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегінен жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру - оның рухани әлемін байыту, жеке дарындылығын дамыту.
Қазақст
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>