птар әр мұғалімнің көздеген мақсатына қол жеткізу үшін тиімді ізденіс жұмыстарын ұтымды ұйымдастырып жүргізе білуге мол мүмкіндік туғызады. Мұғалімнің беделі өсіп, білім сапасы жақсарады. Елдің, жердің қамын ойлар жас буын тәрбиеленеді. Олардың білімге, ғылымға деген құлшынысы артады.
Қорыта келе, Мұғалім - мектептің басты тұлғасы. Мемлекеттің білім саясаты осы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Ал, бүгінгі таңда мұғалім міндеті- рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру дей келе,
"Білім-біліктілікке жеткізербаспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыра білу дағдысы" деген сөзді ту ғып ұстап, қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты - білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Жалпы осы аталған бағдарламаның: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкесоқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерін болашақта да барлық өзімнің сабақтарымда қолданып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге тырысамын. Бұл модульдердің сабақтарда тигізетін пайдалары өте көп. Сабақтарымыз үнемі мазмұнды, нәтижелі, мағыналы, жан-жақты, оқушыларға қызықты болсын деп тілеймін.
Страницы: << < 5 | 6 | 7