көрсетсін. Қалған оқушыларға бұл оқушы не туралы айтып жатқанын табуды ұсыныңыз. Барлық адамдарға жақсы болуы үшін сақталатын ережелердің атауын сұраңыз. 3-беттегі негізгі мәтінді оқып беріңіз.
Сабақты қорытындылау
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
"Өрмек" жаттығуын қолданыңыз. Орам жіпті оқушыларға беріңіз. Орам жіпті алған оқушы есінде қалған оқушының есімін атайды, оған қысқаша тілек айтады. Жіптің ұшын өзі ұстап тұрып, орамды басқа оқушыға береді. Оқушылардың назарын танысуға арналған өрмек жіптің барлығын біріктіретініне назар аудартыңыз.
Ботаның хатын оқығаннан кейін тірек сөздерді хормен айтқызыңыз. Бұл сөздерді алақандарын соғып отырып, айтсын. Қандай сөздің қысқа, ал қандай сөздің ұзақ айтылатынын сұраңыз. Оқи алатын оқушыларға оқытуға болады.
Жауабы: Man (ағылш. тілі) - қысқа (1 шапалақ),адам (қаз. тілі) - (2 шапалақ), человек (орыс тілі) - ең ұзақ (3 шапалақ).
Пәнаралық байланыс
Қосымша тапсырмалар
Жаратылыстану. Оқулықтың 6-бетіндегі "Салыстыр" тапсырмасы.
Өнер. Дәптердің 3-бетіндегі "Менің досым қандай?" тапсырмасы.
Отбасымен өзара байланыс жасау мақсатында оқушыларға "Анықта" тапсырмасын ұсыныңыз. Ата-аналарынан өзіне неліктен осындай есім бергенін біліп келуге тапсырма беріңіз.
Бағалау
Оқушылар
- сыныптастар арасындағы ұқсастық пен айырмашылық туралы;
- әр адамның ерекшелігі және бірегейлігі туралы;
- өз есімінің, сыныптас оқушылардың есімдерінің мағынасы туралы;
- іс-әрекетке, әдеттерге және тәртіпке қатысты ережелерді сақтау қажеттілігі туралы білді.
Оқушылар
- өзі туралы әңгімелеуге, сыныптастарын есімдерімен атауға;
- сыныптастары арасындағы айырмашылық пен ұқсастықт
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>